2020 жылға дейін, мемлекеттің экономикадағы үлесі 20 пайыз ғана болуы керек - Е.Досаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылға дейін, мемлекеттің экономикадағы үлесі 20 пайыз ғана болуы керек - Е.Досаев

20.08.2015
2020 жылға дейін, мемлекеттің экономикадағы үлесі 20 пайыз ғана болуы керек - Е.Досаев

Оның сөзінше, биылғы жылдың қыркүйек айында Үкімет мемлекет қатысатын 181 қызметтен тұратын тізімді қабылдайды. Бұл тізімге кірмейтін кәсіпорындар жаңа талаптарға сәйкес сатылуы керек, алдағы екі жыл көлемінде сатылмаса, олар таратылады.

«Осы реттегі біздің басты мақсатымыз алдағы 2 жылда мемлекеттің экономикадағы үлесін 2020 жылға дейін 20 пайызға дейін жеткізу»,-деді министр.

Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорына қатысты сөз қозғаған, министр қыркүйек айында директорлар кеңесінің отырысы өтіп, қордың құрылымын өзгертуге, жекешелендірудің қорытындысы мен өзге де мәселелер көтерілетіндігін атап өтті.

«Самұрық-қазына пакеттерінің иесі болып табылатын Үкімет оны директорлар кеңесінің аясында жан-жақты қарап, тиісті шешім қабылдайды. Бұл бағыттағы жұмыстардың барысы жөнінде "Самұрық-Қазына" қорының өкілдері өздері хабарлайды», деді Е.Досаев.

Хабарламаларға жазылу