Қайрат Келімбетов: Бүгіннен бастап Қазақстан айырбас бағамының еркін ауытқу режиміне көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Келімбетов: Бүгіннен бастап Қазақстан айырбас бағамының еркін ауытқу режиміне көшті

20.08.2015
Қайрат Келімбетов: Бүгіннен бастап Қазақстан айырбас бағамының еркін ауытқу режиміне көшті

Бүгіннен бастап Қазақстан айырбас бағамының еркін ауытқу режиміне көшті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап, біз инфляциялық таргеттеу деп аталатын жаңа режимге көштік.

Өткен жылғы валюта бағамына түзету жүргізу нәтижесінде  дәліз 180-188 болып белгіленген. Ал,  2015 жылдың 15 шілдесінде 180-198-ге дейін кеңейтілді.

20 тамыздан валюталық дәзілден бас тартып, айырбас бағамының еркін ауытқуына көшеміз. Айырбас бағамы Ұлттық банктің қатысуынсыз ішкі валюта нарығындағы жағдайға байланысты ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде анықталып отырады», - деді Қ.Келімбетов.  

Хабарламаларға жазылу