Енді, осы банктің кәртішкелерін пайдаланушылар тек жеке куәлігі арқылы-ақ жылына 7 пайыздық ставкамен кепілдіксіз жедел несие ала алады, ал Казкоммерцбанктен өзге банк кәртішкелерін апйдаланатын азаматтар үшін несие 8 пайыздық ставкамен беріледі.
Казкоммерцбанк жаз мезгілінің басында тұтынушылардың жедел несиелері үшін сыйақы ставкаларын жылына 50 пайызға көбейткен болатын. Ол уақытта ең төменгі номиналды ставка сыйақысының көлемі 17-ден 12 пайызға дейін төмендетіліп, ең жоғарғысы 23-тен 17-ге дейін түсті.
Жаңа талаптар бойынша, клиенттер 100 мыңнан 3 млн-ға дейінгі кепілдіксіз тұтыну несиесін 60 айға дейін ала алады. 6-дан 12 айға дейінгі несиелердің сыйақы ставкалары жылына 7-ден 8-пайызға дейін болады.
Жаңа талаптар өзге екінші дейгейлі банктердегі қарыздарды қаржыландыруға берілген стандартты жедел-несиелер мен несиелерге жүреді. Несие беру шарттары несе бойынша қарыздар толық аяқталғанша сақталады, дейді Казкоммерцбанктің баспасөз қызметі.