ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, орман өрттерінің басым бөлігі немесе 67 жағдай Шығыс Қазақстан облысында және 50 жағдай Павлодар облысында орын алған.
Биылғы жылдың 7 айында 43 далалық аймақтарда өрт тұтанып, жалын шарпыған аймақ 36 мың 684 гектарды құрады. 2014 жылмен салыстырғанда дала өрттері 11 пайызға өсті, барық жалын шарпыған аймақ көлемі 1,5 есеге кеміді.
ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитеті құзырлы мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында далалық және орманды алқаптарда тиісті шаралар атқаруда.