«Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да, біздің ортақ парызымыз – Негізгі Заңға құрметпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей қадір тұту». Нұрсұлтан Назарбаев.
30-тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын атап өтеді. 1993 жылы Қазақ елі алғашқы Конституциясын қабылдаған болатын. Кейін араға екі жыл салып, егемен елдің елеулі екінші Конституциясы дүниеге келді.
Алғашқысының соңғысынан ерекшелігі мазмұнының сапасында еді. 1995 жылғы Ата Заң жүйелі енді.
Кез келген тармақ, тармақшасында теңдік, еркіндік, бостандық туралы айтылатын Ата Заңның ерекшеліктері туралы бүгін 19:05-те «Конституцияға 20 жыл» арнайы жобасынан көре аласыздар.