Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

19.08.2015
Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Шагурашид Мамалинов 1958 жылы туған. Білімі жоғары, 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, ал 2006 жылы Д. Қонаев атындағы университетті бітірген. Біліктілігі бойынша - зооинженер, заң ғылымдарының бакалавры. Бұл туралы ҚазАқпараттың хабарлауынша, өңір әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болған.

Еңбек жолын 1975 жылы машинист болып бастаған. Қарағанды облысы Тельман ауданында комсомолдық және партиялық жұмыстарға атсалысты. Жиырма жылдан астам Тельман, Мичурин (қазіргі Абай) аудандарында ауыл шаруашылығы саласында басшы қызметтер атқарды.

Бірнеше рет Қарағанды облыстық мәслихатына депутат болып сайланды (1999-2007 жж). 1999 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

2007 жылдан мемлекеттік қызметті. Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, кейін директоры болған. 2010-2013 жж. - Бұқар жырау ауданының әкімі.

2013 жылдың маусымынан жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болған.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу