Индонезияда браконьерлердің 30-дан астам кемесі суға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда браконьерлердің 30-дан астам кемесі суға батты

19.08.2015
Индонезияда браконьерлердің 30-дан астам кемесі суға батты

Индонезия билігі өз аймағында заңсыз әрекеттермен айналысып жүрген азаматтардан алынған 34 кемені суға батырды.

Тайланд, Вьетнам, Филиппин және Малайзия мемлекеттерінің бос кемелері Индонезияның тәуелсіздігінің 70 жылдығын орай су түбіне жіберілген.  Олардың 5-уін алдымен жарып жіберді. 

«Осы әрекет арқылы біз өзіміздің теңіздің қожайыны екнімізді көрсеткіміз келді, өйткені теңіз біздің ұлтымыздың болашағы»,-деді осы елдің Балық шаруашылығы министрі Суси Пуджиастути. 

Оның сөзінше, суға кеткен кемелер теңіздегі балықтар үшін қолдан жасалған, табиғаттың бір бөлшегі болып қалады, деп жазады  korrespondent.net.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу