Өткен жыл бойына бұл көрсеткіш 16 мың тоннаны құраған. Ал, 2013 жылы энергияүнемдегіш құрылғы арқылы небәрі 1 мың тонна отын үнемделген.
«Бұрынғы отын үнемдеу жүйесінде адам факторының араласуына байланысты нақтылық бола бермейтін. Осыған байланысты «Локомотив» АҚ пойыздардың тартым күштеріне жылу энергетикалық қуаттарды автоматты түрде үнемдеу, сол арқылы тіркеу мен сараптау мүмкіндігін қарастырған болатын. Соның нәтижесінде «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі» жобасы жүзеге асырылды. Мұндай жүйенің баламасы тіпті ТМД кеңістігінде жоқ», -дейді «ҚТЖ» ұлттық компаниясының энергияүнемдегіш жүйемен жұмыс бөлімінің бастығы Арслан Жұмашев. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметінен мәлім болды.