«Қазақстан темір жолы» өзге елдердің бос вагондарының елімізде жүруіне тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан темір жолы» өзге елдердің бос вагондарының елімізде жүруіне тыйым салды

18.08.2015
«Қазақстан темір жолы» өзге елдердің бос вагондарының елімізде жүруіне тыйым салды

Соған қарамастан, темір рудалары мен көмір тиелген жартылай Ресейдің бос вагондары бұрын келісілген келісімдерге сәйкес, әлі Қазақстан аймағында жүр.  

Аталған шара Достастық елдерінің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесі бекіткен нормаларға қайшы келмейді. Бұл шара әр елдің темір жол әкімшілігінің өзінің магистралінде  қалыптасқан жағдай бойынша, тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік береді.  

Соңғы уақытта тасымал көлемінің төмендеуі жылжымалы құрамның жұмыс паркінде артық шығындарды туындатып отыр. Өзге мемлекеттерден келетін вагондардың кептеліс тудыруы және олардың темір жол желілерінде ұзақ тұруы технологиялық процеске тежеу болып, қауіпсіздікті толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермей отыр.

Осындай себептерді негізге ала отырып, «Қазақстан темір жолы» компаниясы өзге мемлекеттердің вагондарының жүруіне уақытша иыйым салып отыр.    

 

Хабарламаларға жазылу