Қазақстанда техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру шарасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру шарасы басталды

17.08.2015
Қазақстанда техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру шарасы басталды

Бұл шаралар Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарды қамтитын Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мен 2020 жылға дейінгі Техникалық реттеу мен метрология саласында жетілдіруді көздейтін кешенді жоспар аясында жүзеге асырылмақ.  

 Шараны Индустриялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу мен  метрология комитеті "Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты" РМК-мен бірлесі ұйымдастырады. 

Шараны ұйымдастырушылар техникалық реттеудің ерекшеліктері мен негіздері, стандарттау, сәйкестікті бағалау, аккредитация, метрология сияқты барлығы 14 бағыт бойынша, 1 мың 300 маманды дайындауды жоспарлап отыр. Оған қатардағы мамандар мен инженер және менеджерлерге дейін қамтылатын болады.

 

"Мұндағы мақсат - еліміздің түрлі өнеркәсіп салаларындағы мамандардың біліктіліктерін көтеру",-делінген Индустриялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті таратқан мәліметтерде.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу