Кәсіпкерлік мақсаттағы несиелендіру бойынша Алматы облысы көш басында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлік мақсаттағы несиелендіру бойынша Алматы облысы көш басында тұр

17.08.2015
Кәсіпкерлік мақсаттағы несиелендіру бойынша Алматы облысы көш басында тұр

Қазақстандағы шағын несие ұйымдарының секторы несиелендіру қарқынын қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды ranking.kz.

Осылайша, 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы 11 пайыздық көрсеткіш 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 26 пайызды құраған.

Биылғы жылы шағын несие ұйымдары кәсіпкерлік мақсаттағы несие портфелін 3,1 миллирд теңгеге ұлғайтты. Бұл - І тоқсандық өсім бойынша соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

2014 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда ең үлкен өсім Алматы облысында тіркелді - 2,2 миллиард теңге. Бұл - жалпы несиелендіру өсімінің 70 пайызы. Екінші орында - Оңтүстік Қазақстан облысы - 651,2 миллион теңге.

Ал, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік мақсаттағы шағын несиелендіру өткен жылмен салыстырғанда 253,3 миллион теңгеге артқан. 

Хабарламаларға жазылу