ЮНИСЕФ өкілдері Арал ауданының әлеуметтік нысандарымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЮНИСЕФ өкілдері Арал ауданының әлеуметтік нысандарымен танысты

17.08.2015
ЮНИСЕФ өкілдері Арал ауданының әлеуметтік нысандарымен танысты

Делегация құрамында Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қорының өкілі Юрий Оксамитный, аймақтық бағдарламалар бойынша үйлестіруші Үміт Қажғалиева, ЮНИСЕФ-тің Қызылорда облысындағы үйлестірушісі Анар Ізден бар.

Делегация өкілдері алдымен аудандағы денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер қаншалықты жүзеге асып жатқандығын көру үшін орталық ауруханаға барып, ондағы емделушілердің жағдайын білді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрішері Марат Ршымбетов қонақтарға өзі басшылық етіп орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, алдағы жобалары жайында әңгімелеп берді. Сондай-ақ, халықаралық ұйым өкілдері орталық ауруханаға қарасты перзентханаға соғып, ондағы ана мен баланың жағдайымен танысты.

"Перзентханадағы жағдай өте жақсы. Бала өсімі көбейіп, ана өлімі азайды. Босанған әйелдер өздерінің алтыншы, енді бірі жетіншісін дүниеге әкеліп жатыр. Бұл біз үшін қуаныш. Біз бұны көптен армандадық ",- дейді аудандық перзентхананың бас дәрігері Көлбаева Қанымша.

Юрий Оксамитный онда мемлекеттегі халық санын көбейтіп жатырған көп балалы әйелдерге ризалығын айтып, аналардың бұл ісін ерлікке балады. ЮНИСЕФ өкілдері қаладағы №262 мектеп –гиназиясында да болды. Мектептің жаңа үлгідегі кабинеттерін, мәжіліс залы, кітапхана, оқу кабинеттерін аралады. Сондай-ақ осы ғимараттағы «Ұмай» қайырымдылық үйіне барып, тәрбиеленуші балалардың жағдайымен танысты. Ұмайлық балалар да қонақтарға өздерінің өнерлерін көрсетіп, шағын концерттерін ұсынды.

Меймандар сапарды Арал балықшыларының мұражайында жалғастырды. Юрий Оксамитный көненің көзіндей сақталған жәдігерлері балық аулау құралдары, кемелердің шағын макеті сияқты өзге де көптеген жәдігерлермен танысты.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу