1971 жылы 11 қаңтар - 21 ақпан аралығында БҰҰ ұсынысымен Венада психотропты заттарды бақылау туралы конвенция қабылданған конференция өтті. Құжатқа әлемнің 160-тай елі қол қойған.
Алайда, құжат тек 1976 жылдың 16 тамызында күшіне енді. Конвенция галлюциногендерді, гипнозды-тыныштандыратын заттарды, барбитураттар мен ұйықтататын, ауырсынуды басатын заттарды бақылау жөнінде халықаралық жүйе қалыптастырды.
Бұл заттардың кейбірі тек нұсқаулық бойынша берілсе, кейбірін қолдануға тыйым салынған. Конвенция сондай-ақ, психотропты заттарды қолданудағы қауіпсіздік шараларын ескеруге және нашақорларды уақытында емдеуге шақырады.
Конвенцияның маңыздылығы төрт затқа бағытталған. Бірінші – галлюциногендер тобы (ЛСД, ДМТ және т.б.), екінші – ынталандыратын заттар және белігі есірткі анальгетиктері, үшінші – тыныштандыратын, сіңір тартылуға қарсы және есірткілік күші бар (барбитураттар) заттар, төртінші – ұйықтататын, ауырсынуды басатын заттар.
Психотропты заттарға бақылау жүргізуді Халықаралық органдар – Есірткі заттарына қатысты комиссия, Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитет жүзеге асырады.