Журналистер арасындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауына өтініштер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауына өтініштер қабылдау басталды

16.08.2015
Журналистер арасындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауына өтініштер қабылдау басталды

Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын журналистика саласында өткізілетін «Шаңырақ» шығармашылық байқауын жариялады. Оған телевизия, радио және баспасөз тілшілері қатыса алады.

Ұсынылатын материалдардың мазмұны руһани келісім идеяларын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен насихаттауға бағытталуы қажет.

Сонымен қатар, жұмыстарда республикадағы этносаралық қатынастардың түрлі қырлары қамтылып, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблеялардың қызметін баяндау шарт. 

Байқау «Қазақстандық патриотизмді нығайту», «Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру», «Этносаралық достық пен татулықты бекіту», «Қазақстандағы этностардың мәдениеті мен дәстүрін дамыту», «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін түсіндіру» атты бес аталым бойынша өтеді.

Өтініштер 25 қазанға дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың қарашасында ҚХА халықаралық медиа-форумы аясында жарияланады. 

Хабарламаларға жазылу