Қасиеттім, бас иетін – қара шаңырақ! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасиеттім, бас иетін – қара шаңырақ!

16.08.2015
Қасиеттім, бас иетін – қара шаңырақ!

«Қара шаңырақ» телехикаясы - Ұлттық арна көрермендерінің көңілінен шыққан отандық туындылардың бірі. Себебі, телехикая әрбір қарапайым қазақ отбасының басында бар түрлі жайттарды баяндайды.

Ата-ана тәрбиесі, әке аманаты, ана махабаты, ағайындылар арасындағы келіспеушілік, мансаптағы кедергілер, жастық шақта аңдамай жасаған әрекеттер және т.б. – осының бәрі телехикаяда көрініс тапқан.

Үйдің үлкені Әлішер әйелімен ажырасқан. Алайда, жарына қайта қосылуға әрекет жасайды. Ал, кенже ұл Мәди отбасылы болғанымен қалалық бойжеткенді жанына жақын тартады.

Осылайша, екі оттың ортасында жүрген ағайындылар бүгінгі бөлімде қандай шешімге келмек? Сағат 17:50-де Ұлттық арнадан көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу