«Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады

15.08.2015
«Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады

Бүгін Астана қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық ациясы аясында елорданың аз қамтылған және көпбалалы 100 отбасына жалпы сомасы 1 миллион теңгеге көмек жасалды.

Жалпы, акция басталған уақыттан бері 30 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілген.

Шара аясында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар бүлдіршіндерге көмек қолын созуда.  Олардың ішінде «Мейірімділік»  қоры, «Progress KZ» construction company» ЖШС, «Astana Records» продюсерлік орталығы және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты бар.

Еске сала кетейік, «Мектепке жол» акциясы 1 тамызда басталған. Қайырымдылық шаралары қыркүйектің 30-на дейін жалғасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Хабарламаларға жазылу