HiPO.kz: Қазақстандағы корпоративтік сектор қызметкерлерінің 50 пайызында мансаптық жоспар жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

HiPO.kz: Қазақстандағы корпоративтік сектор қызметкерлерінің 50 пайызында мансаптық жоспар жоқ

15.08.2015
HiPO.kz: Қазақстандағы корпоративтік сектор қызметкерлерінің 50 пайызында мансаптық жоспар жоқ

Онлайн-рекрутинг бойынша HiPO.kz ресурсы компаниялардағы нақты мансаптық жоспар, қызметкерлердің жұмыс берушісінің миссиясын қаншалықты білетіндігі, сондай-ақ, олардың өз компаниясын жақындары мен достарына ұсынуға қай деңгейде дайын екендіктерін зерттеу мақсатында корпоративтік сектор қызметкерлері арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға қатысқандар арасында «Қазақтелеком», ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Назарбаев Университеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ,  «Колеса|Крыша|Маркет» бірлескен компаниясы, «Энергоинформ» «АҚ, Agip Karachaganak B.V», «Beeline», «Halyk Bank», «Еуразиялық банк», «LC Waikiki», «Maersk Oil Kazakhstan GmbH», «TengizChevroil», «Viled Group» сынды қазақстандық және халықаралық компаниялар бар.

Қорытынды бойынша респонденттердің 84 пайызы өз компанияларының құндылықтары мен миссиясы және корпоративтік мәдениет жөнінде білетіндіктерін айтқан. Ал, 16 пайызы корпоративтік мәдениет туралы ешқандай түсініктері жоқ екендігін жеткізген.

Сондай-ақ, респонденттердің жартысы (54,4 пайызы) компаниясында нақты мансаптық жоспардың жоқ екенін мәлімдеген. 

Хабарламаларға жазылу