«Жан жылуы». Жанаш Шәкіров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жан жылуы». Жанаш Шәкіров

13.08.2015
«Жан жылуы». Жанаш Шәкіров

Қазіргі кезде қарияларымыздың көпшілігі қалған аз ғана ғұмырын қарттар үйінде өткізуде. Бұл – жанды тітіркендірер ащы шындық. Бір өкініштісі, сол қарттар үйіндегі тұрғындардың көбі – қазақтың атасы мен әжесі.

Ал, сорақысы сол, қариялардың дені  бұл үйде еш жақыны қалмағандықтан тұрып жатқан жоқ. Біразының бір емес, бірнеше баласы бар. Немерелері де жүгіріп жүр. Бала-шағасының жағдайы жоқ дейтін де емес, көбі белді қызметте.

«Жан жылуы» хабарының бүгінгі кейіпкері Жанаш Шәкіров те балалары бола тұра, осында өмір сүріп жатыр.

«Бұл күнде заман өзгерген. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», дегенді айту ғана оңай. Кемпірім қайтыс болғаннан кейін бала-шағаның қамқоры көп болмайтынын байқадым...»,-дейді қамкөңіл қария.

Бүгін 14:00-де Ұлттық арнадан «Жан жылуы» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу