«UnionPay-мен бірге Халықтық білім беру» бағдарламасы бойынша Қытайда 50 қазақстандық бала білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«UnionPay-мен бірге Халықтық білім беру» бағдарламасы бойынша Қытайда 50 қазақстандық бала білім алады

12.08.2015
«UnionPay-мен бірге Халықтық білім беру» бағдарламасы бойынша Қытайда 50 қазақстандық бала білім алады

Алматыда «UnionPay International Co., Ltd.» халықаралық төлем жүйесі және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ынтымақтастығымен жүзеге асырылған  «UnionPay-мен бірге Халықтық білім беру» стипендиялық бағдарламасының қорытындысы шығарылды.

Өтініштерді қарау нәтижесінде комиссия 88 үміткердің ішінен 50 адамды таңдап алды.

ҚР Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновтың төрағалығындағы қазылар алқасының құрамына  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қытайтану кафедрасының доценті, ф.ғ.к Дәулет Фатима, «UnionPay International»-дың Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша бас директоры Жанг Чен Дон және «Қазақстан Халық Банкі» басшылығының өкілдері кірді.

Жеңімпаздарды таңдауда қазылар алқасының қарауына ұсынылған «Мен болашақтағы банкті қалай елестетемін» тақырыбындағы эссенің мазмұнын ашу, ой-өріс деңгейі мен сауаттылығы,  сонымен қатар, үміткердің халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобына кіруі (ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, жетім балалар мен көпбалалы отбасылардан шыққандығы) есепке алынды.

Үміткерлердің барлығы - Қытайда оқып жүрген немесе  болашақта білім алғысы келетін қазақстандық жастар, деп хабарлайды «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның баспасөз қызметі. 

Хабарламаларға жазылу