Қырғызстанның ЕАЭО-қа қосылуы одақтың әлеуетін арттыруға тың серпін береді - ЕЭК - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанның ЕАЭО-қа қосылуы одақтың әлеуетін арттыруға тың серпін береді - ЕЭК

12.08.2015
Қырғызстанның  ЕАЭО-қа қосылуы одақтың әлеуетін арттыруға тың серпін береді - ЕЭК

Бүгін Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрамына кіру туралы келісім күшіне енгендігі хабарланды. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттерімен қатар одақтың толыққанды мүшесі болды. 

Еуразиялық экономикалық комиссия таратқан мәліметтер бойынша, одаққа мүше болу Қырғызстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Тауарлар мен қызметтердің, капитал мен жұмыс күштерінің қозғалысында кедергілер жойылады. Әсіресе энергетика, көлік пен ауыл шаруашылығы салаларында ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда жаңа бағыттар мен инвестициялық мүмкіндіктер ашылады.

Қырғызстан азаматтары Одаққа мүше кез-келген мемлекетте сол елдің азаматтарына қойылатын шарттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 

«Қырғызстанның мүшелігі Одақтың әлеуетін арттыру ісіне жаңа, тың серпін береді. Ықпалдасқан бірлестік өзінің позицияларын жаһандық экономикада артыра түседі», делінген Еуразиялық экономикалық комиссия таратқан баспасөз мәліметтерінде.  

Хабарламаларға жазылу