Елордада алғаш рет «Аstana Food Festival 2015» тағам фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада алғаш рет «Аstana Food Festival 2015» тағам фестивалі өтеді

12.08.2015
Елордада алғаш рет   «Аstana Food Festival  2015» тағам фестивалі өтеді

«StarFest» компаниясы  барлық БАҚ өкілдерін 19-тамыз күні сағат 10.00-де елімізде  тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Аstana Food Festival - 2015» тағам  фестивалінің аясында, баспасөз қызметкерлеріне арналған таңғы ас-конференцияға  шақырады.

«Аstana Food Festival  2015» тағам фестивалі - бұл  отбасылык  мереке. Ересектер мен балаларға арналған  мерекелік шаралар  көптеген елдерде  дәстүрге айналған. 

Елордамыз Астанада биыл алғаш ұйымдастырылып отырған айтулы мерекеде қазақ халқының ұлттық тағамдарымен бірге өзге ұлттардың дәстүрлі тағамдары кеңінен насихатталып, ұлтаралық татулықта өмір сүріп отырған, береке-бірлігі жарасқан еліміздің қонақжайлығын дәріптеледі. 

Фестиваль аясында табиғи, ұлттық тағам өндірушілермен қатар, диетолог мамандардың  семинарлары, белгілі аспазшылар мен көпшілікке танымал өнер жұлдыздарының шеберлік дәрістері ұйымдастырылады.  

Фестивальда  жиналған қаржының басым бөлігі «ДАРА» қайырымдылық қоры мен «Қазақстан балалар қоры» арқылы «Балаға өмір сыйла!» шарасына жұмсалады.

Шара бағдарламасы аясында балаларға арналған барлық шаралар - аспаздық шеберлік дәрістер, түрлі спорттық ойындар, сурет салу сайыстары, кешкі кино көрсетілімі тегін өтеді. 

 «Astana Food Festival» мерекесі 23 тамыз күні  сағат  12.00-ден 22.00-ге  дейін Астананың Орталық саябағында өтеді.  Ересектер үшін бір билеттің құны 2000 теңгені құраса, 12 жасқа дейінгі балалар тегін кіреді. Зейнеткерлерге жеңілдіктер қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу