Қаланың электр жүйелерін жылыту маусымына дайындау аясында құрал-жабдықтар мен электрмен қамту жүйелерін ағымдағы және түбегейлі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, 2015 жылдың 7 тамызындағы жағдай бойынша, түбегейлі жөндеу жұмыстары бойынша шаралардың орындалуы 76 пайызды, ағымдағы жөндеу бойынша 68,9 пайызды құраған.
Инвестициялық бағдарлама 2015 жылы бірқатар шараларды қарастырып отыр, олардың ішінде: ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі), қосымша станциялар мен тарау бекеттерінің, трансформаторлық қосымша станциялардың, 10 және 0,4 кВ кабель желілерінің ескі құрылғыларын жаңарту; коммутациялық аппараттарды орнату. Қазіргі таңда «Астана-РЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасы бойынша жұмыстардың 51 пайызы орындалды.