Елімізде бөлшек сауданың көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бөлшек сауданың көлемі артты

11.08.2015
Елімізде бөлшек сауданың көлемі артты

2015 жылғы қаңтар-шілдедегі бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,9 пайызға артып, 3 328,2 млрд. теңгені құрады.

Статистика комитетінің мәліметтерінше,  2015 жылғы қаңтар-шілдеде сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2014 жылғы қантар-шілдегі қарағанда 1 772,2 млрд. теңгені құрады немесе нақты мәні 0,1%-ға төмендеді.

2015 жылғы қаңтар-шілдеде базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәні 6,6 пайызға артты, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 46,8 пайызды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым. Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға өсті, азық-түлік тауарлары 2,3 пайызға ұлғайды.

2015 жылғы 1 тамыз бойынша, бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 313,6 млрд. теңгені құрады. Саудадағы күндері - 61 күн.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2015 жылы қаңтар-шілдеде республикада Алматы қаласы - 28,2 пайыз, Астана қаласы 10,8 пайыз  және 9,4 пайызбен  Қарағанды облысы құрады.

Хабарламаларға жазылу