Politinform.su сайтының хабарлауынша, Шотландияның Ауыл шаруашылығы министрі Ричард Локхед Шотландияның генді-модификацияланған дақылдарды өсірумен айналысу жөніндегі еуропалық келісімдерден шығуын талап етпек.
Локхед бұл ретте Шотландияның әлем алдындағы атағының оның табиғатының әсемдігімен ерекшеленгендігін айтады. Ал генді-модификацияланған организмдерден бас тарту осы елдің «таза экологиялық» мәртебесін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
«Шотландия тұрғындары арасында генді-модификацияланған өнімдерге деген сұраныстар айтарлықтай үлкен емес. Мені алаңдатып отырғаны генді-модификацияланған организмдер Шотландияда өсіріліп, сол арқылы оның таза, экологиялық брендіне нұқсан келуі мүмкіндігінде және ол тағам және ауыз су мәселесін де тудыруы ықтимал»,-дейді министр.