Ақпанда Қазақстан-Иран бизнес форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпанда Қазақстан-Иран бизнес форумы өтеді

25.01.2016
Ақпанда Қазақстан-Иран  бизнес форумы  өтеді
Ақпанда Қазақстан-Иран  бизнес форумы  өтеді

Биыл 6-8 ақпан аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Тегеранға барады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ақпарат Қазақстан республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сайтында жарияланды.

Мәліметтерге қарағанда қазақстандық делегацияның бұл сапары Қазақстан мен Иранның арасында парсы елінің халықаралық сакнциялардан құтылуынан кейінгі ең маңызды шара болғалы тұр. Сапар барысында «Бәйтерек» ҰБХ мен «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттіктің ұйымдастыруымен Қазақстан-Иран бизнес-форумы өтеді. Форумда инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік жобалар бойынша ынтымақтастықты дамыту, сонымен бірге бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланады. Иранда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесері өтеді. Бизнес-форумға Қазақстанның 40-тан астам ірі кәсіпорындарының және Иранның 150 ірі корпорациясының өкілдері қатысады.

Сонымен қатар ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешевтің сапар аясында Иранның ресми тұлғаларымен, соның ішінде Көлік және ауыл шаруашылығы министрлерімен, іскер топ өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, отандық өнімдерді Иран нарығына экспорттау мәселесіне де айырықша назар аударылмақ. Әсіресе, метал өнімдерін, құрылыс матариалдары мен астықты, өзге тауарларды парсы еліне экспорттаудың жолдары қарастырылады. Осыған байланысты сатушылар мен тұытынушылар кездесетін «сауда миссиясы» өткізілмекші.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу