Бүгін «Вест Бромвич» - «Манчестер Сити» ойыны Ұлттық арнаның тікелей эфирінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Вест Бромвич» - «Манчестер Сити» ойыны Ұлттық арнаның тікелей эфирінде

10.08.2015
Бүгін «Вест Бромвич» - «Манчестер Сити» ойыны Ұлттық арнаның тікелей эфирінде

Бүгін Ағылшын Премьер-Лигасының алғашқы туры аясында «Вест Бромвич Альбион» командасы «Манчестер Сити» клубын қабылдайды.

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Манчестер Сити» клубының бас бапкері Мануэль Пеллегрини Серхио Агуэро мен Давид Силва жарақатынан толық айыққанын айтты. Клубтың тағы бір маңызды ойыншысы Самир Насри бүгін алаңға шығуы белгісіз.

Ал, «Вест Бромвич Альбион» сапына биыл жартылай қорғаушы Серж Гнабри мен шабуылшы Рики Ламберт қосылды. Бұл ойыншыларға клубтың өткен маусымдағы үздік ойыншысы жартылай қорғаушы Сейдо Берахино көмектеседі.

Айта кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ойынды сағат түнгі 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

 

Хабарламаларға жазылу