Үздік бес жоғары оқу орны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік бес жоғары оқу орны анықталды

09.08.2015
Үздік бес жоғары оқу орны анықталды

Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚТҚА) еліміздің  ең үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін жариялады. Биыл сегізінші рет өтіп отырған рейтингіге еліміздің 60 жоғары оқу орны қатысты.

Үздік бес жоғары оқу орнының көш басында, яғни бірінші орында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті тұр.

Екінші орында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, үшінші және төртінші тұғырға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті мен  Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті орналасты. Бесінші орынды С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті иеленді.

Ең үздік техникалық ЖОО болып, Қазақ-британ техникалық университеті  танылды.

Хабарламаларға жазылу