«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Астанада тұрғын үй алуға өтініштер қабылдауды бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Астанада тұрғын үй алуға өтініштер қабылдауды бастайды

08.08.2015
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Астанада тұрғын үй алуға өтініштер қабылдауды бастайды

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 4 қыркүйегінен 4 қарашасына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдайтынын хабарлайды. 

Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. 

Ескі және апаттық тұрғын үйлерді бұзудан кейін салынған қосалқы ғимарат пен автотұрағы бар 136  пәтер Е.Брусиловский мен А.Иманов көшелерінің қиылысында орналасқан.

Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2015 жылдың желтоқсаны.

Өтініштер тек банк салымшыларынан ғана қабылданады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Хабарламаларға жазылу