«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға ірі кәсіпорындардан босауға мәжбүр болған адамдарды тарту керек - Елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға ірі кәсіпорындардан босауға мәжбүр болған адамдарды тарту керек - Елбасы

08.08.2015
«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға ірі кәсіпорындардан босауға мәжбүр болған адамдарды тарту керек - Елбасы

Қазақстан Президенті «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тиімді бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы аталмыш тапсырманы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысында берген.

«Біз қабылдаған осы және басқа бағдарламалар дер кезінде жасалған, оны түсіндіру қажет.  «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға кейбір ірі кәсіпорындардан босауға мәжбүр болған адамдарды тарту керек.

Бұл барша әкімдердің міндеті, бұған қажетті қаражат бөлінген, барлық жерде автомобиль жолдарын, аурухана, мектеп, баспана, ТКШ нысандарын жөндеу және салуды қамтитын жұмыстар баршылық», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев партияның қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға ықпал етіп, барлық туындайтын мәселелер бойынша халықпен белсенді жұмыс істеуі тиістігіне назар аударды. 

 

Хабарламаларға жазылу