Астана қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, бүгін жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 09:08 кезінде әуежайдың анықтама бөліміне осы ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабар түскен.
Осыдан кейін әуежайдан барлық жолаушылар сыртқа шығарылып, тексеріс басталған.
«Air Astana» әуе компаниясы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Астана әуежайындағы қауіпсіздік шараларына байланысты ұшу уақыты өзгеретіні туралы хабарлама жариялаған.