Дзюдошы Айболат Ыстыбай кадеттер арасында Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдошы Айболат Ыстыбай кадеттер арасында Әлем чемпионы атанды

06.08.2015
Дзюдошы Айболат Ыстыбай кадеттер арасында Әлем чемпионы атанды

Ол бес кездесуінің төртеуін «иппон» ұпайымен ұтты. Финалда италиялық Бьяджо д'Анджелоға қарсы әдемі әдіс жасауы арқылы «иппон» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясы.

Жарысқа әлемнің 59 елінен 500-ге жуық спортшы қатысуда. Байрақты бәсеке 8 тамызға дейін жалғасады.

 

Жарыс нәтижесі. Жасөспірімдер (50 келіге дейін)

1. Айболат Ыстыбай (Қазақстан)

2. Бьяджо д'Анджело (Италия)

3. Нармандах Баянмунх (Моңғолия)

3. Казбек Нагучев (Ресей)

Хабарламаларға жазылу