6 тамыз – Хиросимаға атом бомбасы тасталған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 тамыз – Хиросимаға атом бомбасы тасталған күн

06.08.2015
6 тамыз – Хиросимаға атом бомбасы тасталған күн

1945 жылдың 6 тамызында Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасы тасталды. Белгіленген аудандарға бомба тасталмастан бір сағат бұрын В-29 «Энола Гэй»  ұшақ-тасығышымен үш ауа райын зерттеуші, ұшақтың соңынан 6-7 шақырымдай жерде ядролық жарылыстың параметрлерін тіркеп отыратын құрылғысы бар ұшақ шықты.

70 шақырым аралықта жарылыс нәтижесін суретке түсіретін бомбалаушы ұшақ ұшты. Жапонияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері жүйесі бомбалаушыларды байқағанымен, олардың аздығынан  Хиросимада қағылған әуе дабылы алынып тасталды.  Әуе шабуылына жапондық жойғыш күштері мен зенитті артиллериясы да қарсылық көрсетпеді.

Сағат 08-ден 15 минут өткенде 10 мың метр биіктіктен Хиросимаға «Сәби» атты атом бомбасы тасталды. Ол 600 метр биіктікте жарылды. Салдарынан 200 мыңдай адам қаза тауып, жартысы із-түссіз кетті. Ал, 160 мыңдай адам жараланып, радиоактивті сәулеге шалдықты.

Зардап шеккендердің көпшілігі бейбіт тұрғындар еді. Жарылыс эпицентрінен 4 шақырым радиустағы өрт бірнеше сағатқа созылды. 90 мың үйдің 62 мыңы түгелдей жойылды.

Ал, 9 тамызда жапон уақыты бойынша  сағат 11:02-де Жапонияның екінші қаласы – Нагасакиге тағы бір атом бомбасы тасталды.  

Қасіретті оқиғадан кейін 10 жыл өткен соң 1955 жылы 6 тамызда Хиросимада атом және сутегі қаруына тосқауыл қоюға бағытталған алғашқы халықаралық конференция өткізілді. 1985 жылы Тынық мұхитының оңтүстік бөлігі ядросыз аймақ болып жарияланды.

Хабарламаларға жазылу