Себебі Бахрейн құрамасының спортшысы жарыстың ең жас қатысушысы. Ол небәрі 10 жаста. Назарларыңызға Алазиннің ұйымдастырушыларға берген сұхбатын ұсынамыз.
– Алазин, Сіз 2015 жылғы Әлем чемпионатының ең жас қатысушысы екеніңізді білесіз бе?
– Иә, бұл керемет.
– Сіз осындай жаста Әлем чемпионатына қалай іріктелдіңіз?
– Мен Бахрейн құрамасының ең жылдам жүзушісімін (күледі).
– ???
–Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өттім. Онда жасы үлкен қыздар болды. Әрине. Алайда, мен іріктеу сайыстарына қатысу үшін өз жасымдағы қарсыластырымды ұттым.
– 2015 жылғы ӘЧ-на қандай жоспарыңыз ба?
– Ең бастысы осындай жоғары деңгейдегі жарыстан тәжірибе жинау. Олимпиада чемпиондарының техникасын зерттеп, өзіме керегін алу.
– Қай сайыстарға қатысасыз?
– Мен 50 метр қашықтықтағы баттерфляй мен еркін стильде сынға түсемін.
– Сіз отаныңызда қалай жаттығасыз?
– Біз Бахрейнде жүзумен аптасына 5 рет айналысамыз: таңертең және кешке.
– Осындай қиын жаттығулар сабаққа әсер етпей ме?
– Әзірге ештеңе кедергі келтірмейді. Сабақ оқу да, жүзумен айналысу да маған өте ұнайды. Мектептегі жақсы көретін пәнім – метематика.
– Алазин, жауабыңыздан көрініп тұрғандай сіз өте батылсыз. Ата-анаңыз кім?
– Менің анам – мұғалім. Әкем бұрын кәсіби жүзуші болған. Бізді спортшылар династиясымыз. Себебі менің кіші сіңілім де жүзумен айналысады.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы Қазанда өтіп жатқан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетуде.
Фото: kazan2015.com