Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 31 шілдеден бастап №14 жол бойынша автокөліктер үшін Абай даңғылынан Бигелдинов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс уақытша шектеледі.
Сонымен қатар, Бигелдинов көшесі бойымен №14 жолдан К.Күмісбеков көшесіне дейін «Инженерлік жүйелер» мен А, Б жобалау ауданының жолдарын салу қарастырылуда.
Кенесары – Күмісбеков – Сарыарқа көшелерінің жолдары да уақытша жабылады.
№14 жол бойынша жоба аясында жолдарды қайта салу жүргізіліп, Бигелдинов көшесі бойында нөсер кәрізі бар жол салынады. Жолды ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ашу жоспарлануда, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.