Өскеменде ШҚО-ның білім беру тарихы мұражайын ашу жоспарлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде ШҚО-ның білім беру тарихы мұражайын ашу жоспарлануда

01.08.2015
Өскеменде ШҚО-ның білім беру тарихы мұражайын ашу жоспарлануда

Шығыс Қазақстан облысының білім беру мұражайында әр жылдардағы кітаптар, аттестаттар, құжатнамалар, оқу құралдары, техникалық жабдықтаулар мен мектеп заттары, педагогика саласындағы ертең еңбек үшін берілген марапаттар, т.б. тарихи құндылығы бар заттар келушілер назарына ұсынылады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Сондай-ақ, еңбегі сіңген ұстаздар, ардагер мұғалімдер, новаторлардың педагогикалық қызметі, шығармашылығы мен өмірі туралы деректер беріледі.

«Мұражай жұмысын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ базасы негізінде бастамақ. Оның экспозициялары арқасында өңір тұрғындары ШҚО бойынша мектепке дейінгі оқытудан бастап, кәсіби білім беруге дейінгі барлық деңгейдегі білім беру жүйесі қалай құрылып, дамығандығын біліп, қазіргі білім беру жүйесінен хабардар болады», дейді «Зияткер» ҒББО жетекшісі Ирина Стеблецова.

Хабарламаларға жазылу