Алдына келген жанға қолынан келгенінше көмегін аямайтын ол талай баланың айналасындағы дыбыстарды естуіне мүмкіндік берген.
«Құлағының мүкісі бар балалардың өмір сүруі қиын. Себебі, өзі естімейтін болғаннан кейін жанындағы құрбы-құрдастарымен араласа алмайды, дамуы дұрыс болмайды. Бала айналасындағы құбылыстарды есту аппараттары арқылы емес, табиғи жолмен естуі үшін арнайы ота жасап, есту қабілетін қайтаруға күш саламыз»,-дейді дәрігер.
Бүгінде көптеген балаға екінші өмір сыйлаған Серік Нұрмағанов: «Мен бір сәтке де хирургиядан алыстаған емеспін. Мамандығымның адамдарға пайдасы тиіп жатқанын көргенде, дұрыс жолды таңдағаныма қуанамын»,-дейді.
17:50-де «Жаныңда жүр жақсы» адам хабарын көріңіз.