Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 128-ші сессиясында 2022 жылғы Қысқы Олимпиада Ойындарының астанасы анықталады.
Үміткер қалалар - Алматы және Бейжің.
Ұйым мүшелерін Алматының мүмкіндіктерімен таныстыру үшін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегация барды.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация қатарында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Темірхан Досмұхамбетов, «Алматы-2022» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Андрей Крюков, жеңілатлет Ольга Шишигина, мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен бар.