Иангикент – өткен кезеңнің бір үзігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иангикент – өткен кезеңнің бір үзігі

30.07.2015
Иангикент – өткен кезеңнің бір үзігі

Иангикент - орта ғасырдағы қала. Қызылорда облысы Қазалының оңтүстік - батысында 22 шақырым жерде орналасқан. Араб жазбаларында ал-Карьятал-Хадиса делінсе, парсылар оны Дих-и Нау атаған. 9–11 ғасыларда Иангикент Оғыз мемлекетінің астанасы болған. 14 ғасырдың теңгелеріне қарағанда,Иангикент Шаһркент деп те аталды.

Ескі қала VІІ – ХІV ғасырларда Жанкент аталған. Зерттеушілердің айтуынша, Жанкенттен көптеген ғұламалар шыққан. Сондай-ақ, түбі бір түркі тарихын әйгілейтін талай деректер де осы қала маңынан табылғаны анық.

Алайда, бүгінге дейін Жанкенттің нақты қай ғасырда іргесі қаланды, не себепті тіршілік етуін тоқтатты деген сауалдың түйіні тарқатылмай келеді.

Бүгін 17:00-де «Қазақ даласының құпиялары» хабарынан қала тарихы туралы толығырақ біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу