Песо тарихи минимумға дейін арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Песо тарихи минимумға дейін арзандады

20.01.2016
Песо тарихи минимумға дейін арзандады
Мексика валютасының құнсыздануына көмірсутегі бағасының арзандауы тікелей ықпал етіп отыр.

Жыл басталғалы Мексика валютасы 6,2 пайыз құнсызданды. Ал, былтыр песо долларға шаққанда 17 пайыз арзандаған. Қазір бұл мемлекеттің ақша айырбастау пункттерінде америкалық валюта 18,55 песоға саудаланып жатыр.

Қаңтардың 1-нен 15-не дейін Мексика банкі ұлттық ақша бағамын ұстап тұру үшін 1,49 миллиард доллар жұмсаған. Песоның құнсыздануына көмірсутегі бағасының арзандауы тікелей ықпал етіп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу