ҚР Қарулы Күштері әскери қызметкерлері отандық шипажайларда тегін ем қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Қарулы Күштері әскери қызметкерлері отандық шипажайларда тегін ем қабылдайды

30.07.2015
ҚР Қарулы Күштері әскери қызметкерлері отандық шипажайларда тегін ем қабылдайды

Биыл ҚР Қарулы Күштерінің 1 125 әскери қызметкері мен зейнеткері отандық шипажайларда демалады. Олардың 385-і маусым, шілде айларында сауықтыру курсынан өтті. Ал, қалғандары тамыз және қыркүйекте ем қабылдау демалысына жіберіледі, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.  

Тегін санаторлық-шипажайлық емдеу Қазақстандағы әскери қызметшілер үшін қарастырылған кепілді медициналық қызметтер пакетіне кіреді. Мұны медициналық куәлігі бар әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының курсанттары, мерзімді қызметтегі сарбаздар пайдаланбақ.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қызметтегі зейнеткерлері  де денсаулықтарын тегін қалпына келтіруге  құқылы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда әскери қызметшілерді үш қазақстандық шипажай қабылдайды. Олар -  Қостанайдағы «Сосновый бор», Шортандыдағы «Зеленый бор» және Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы «Алтынемел». 

Хабарламаларға жазылу