«Әйел бақыты» хабары «Біздің әулеттің құпиясы» атты сайыс жариялайды. Сайыс талабы бойынша отбасыңыздағы көнекөз ата-әжеңіз немесе ата-анаңыздың ерекше оқиғасын баяндап беру керек.
Сайысқа қатысу үшін әңгімеге өзек болған жанның фотосы, кейіпкердің әңгімесі және өзіңіз туралы қысқаша мәлімет пен байланыс телефоныңыз қажет.
Байқау 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Жеңімпазға Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайына жолдама беріледі.
Ақпараттарды төменде көрсетілген электронды поштаға жібере аласыздар:
E-mail: assylzhan@ayelbaq.kz
Қосымша ақпарат: 8 (717) 2 55-32-86; 55-38-24