Technation жедел дамыту бағдарламасының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Technation жедел дамыту бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

29.07.2015
Technation жедел дамыту бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және  Happy Farm бизнес-акселераторының қатысуымен ұйымдастырылған ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің стартап топтары  арасындағы Technation жедел дамыту бағдарламасы іріктеу кезеңінің қорытындысы шығарылды.

Бағдарламаның халықаралық сараптау комитеті 2015 жылы қазан айында АҚШ-тағы Кремний алқабына  жедел даму бағдарламасына қатысатын үздік 7 қазақстандық және 2 шетелдік стартап топты анықтады. Олар - bizmo, indybo, мангуст, almacloud, CRM, almasales, fascallmanager, picvpic, crystal жобалары, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайты.

«Халықаралық сараптау комиссиясына 40  топтың ішінен 7-уін таңдау -оңайға соққан жоқ. Қырғызстан мен Украинадан қосымша екі топ жеке инвесторлар тарапынан іріктеліп, жеңімпаздар қатарына қосылды. Бұл екі топ та жедел даму бағдарламасына қатысады», - дейді «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов.

Жеңімпаз атанған fastcallmanager жобасының авторлары мобильді қосымша әзірлеген. Бұл бағдарлама арқылы компаниялар өз сатылымдарын 75 пайызға дейін жоғарылатуға, клиенттерді «қайтаруға» және бүкіл процесті автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Ал, bizmo жобасын әзірлеушілер веб және  мобильді құрылғылар арқылы сатып алушылар мен жеткізушілерді біріктіретін B2B тұғырнамасын ұсынды.

indybо жобасы - дене арқылы сезінетін бағдарламалау, электроника мен робот техникасы үшін балалардың жалпы ақыл-ой қабілетін, түйсігін дамытуға көмектесетін модульді роботтардың жиынтығы.

Айта кетейік, 23 маусымнан 16 шілдеге дейінгі кезеңде Technation іріктеуіне қатысу үшін ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің стартап топтарынан 345 өтініш келген.  

Хабарламаларға жазылу