Алматыда тілдерді оқытуға арналған кешеннің тұсаукесері өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тілдерді оқытуға арналған кешеннің тұсаукесері өтпек

28.07.2015
Алматыда тілдерді оқытуға арналған кешеннің тұсаукесері  өтпек

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында тілдерді оқытуға арналған  шараны Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырып отыр.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары З.Аманжолова, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері, тілдерді оқыту мәселесімен айналысып жүрген әдістемеші ғалымдар мен қазақ тілінің әдіскер-оқытушылары қатысады.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың мектепке дейінгі білім саласына жауапты мамандары, балабақша басшылары мен қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылып отыр.

Оқыту кешені қазақ тілінің қолдануын дамытуға, игерудің жаңа ғылыми-әдістемелік түрін және жұртшылыққа қазақ тілін үйрену барысында оқытудың инновациялық форматы ретінде топтық сабақтар үшін қолданбалы көмек беруге арналған.

Хабарламаларға жазылу