Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» байқауына өтінімдер қабылдауды бастады.
Конкурсқа халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қызмет етіп жүрген қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, жеке тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.
Қатысушылар халықтың әлеуметтік осал санаттарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарын ұсынуы тиіс, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.