Павлодар қаласында 2 тамыздан бастап қоғамдық көліктердегі жолақы құны қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласында 2 тамыздан бастап қоғамдық көліктердегі жолақы құны қымбаттайды

27.07.2015
Павлодар қаласында 2 тамыздан бастап қоғамдық көліктердегі жолақы құны қымбаттайды

ҚР 2003 жыл 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» № 467-II Заңының 19-бабы және Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жыл 22 шілдедегі кезектен тыс сессиясының № 406/55 шешімі негізінде 2015 жылдың 2 тамызынан бастап қоғамдық көліктерде  бір жол жүру тарифы – 60 теңгені құрайды –деп, Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Зейнеткерлер үшін бір жолғы жол жүру ақысы (автобустарда және трамвайларда) – 30 теңге жеңілдікпен белгіленеді.  

ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың жол жүру ақысы жол жүрудің толық құнынан 50 пайызды құрайды.

 

Хабарламаларға жазылу