Қыркүйек айынан «Мың бала» жобасы жүзеге асырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйек айынан «Мың бала» жобасы жүзеге асырылмақ

26.07.2015
Қыркүйек айынан «Мың бала» жобасы жүзеге асырылмақ

Павлодарда «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында орыс тілінде білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары мемлекеттік тілді үйренеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 «Биыл қыркүйектен бастап, «Мың бала» жобасын жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Тәрбие жұмысының жаңа бағдарламасымен қаладағы үш мектептің әрқайсысынан 49 баладан барлығы 147 оқушы қамтылады. Олармен мұғалімдер, Мұсылман әйелдер лигасының әжелері және келіндер мектебінің мүшелері жұмыс істейді. Осылайша, балалар мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымның тарапынан үш жақты бақылауға алынады», - дейді Павлодар облысы Мұсылман әйелдер лигасының төрайымы Бақытжамал Максилова.

Аталмыш жоба аясында  жастар мемлекеттік тілді үйренумен қатар, қазақтың тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы білімдерін толықтырады. 

 

ФОТО: vtyumene.ru

Хабарламаларға жазылу