Шығыс Қазақстан облысының қалың ормандары теңіз деңгейінен 4500 метр асатын биік шыңдарымен белгілі (Алтай және Сібір шыңы – Мұзтау тауы). Алайда мұндай табиғатта демалу қауіпті болуы мүмкін.
Кейбір туристік бағыттарда адамдардың орманда жоғалып, тас астында қалып, таулы өзендерге батып кеткен жағдайлары кездескен.
Осындай туристерге уақытында келіп көмек көрсету үшін құтқарушылар Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Кәсіптік даярлық мектебінің курсанттарымен бірге «Таулы орманды жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу» тақырыбы бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізді.
Жиын Глубокое ауданының ең көрікті аймағы – Сержихада ұйымдастырылды. Өскемен, Риддер, Зырян, Семей қалаларының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінен 11 адам жергілікті жерде бағдарлану, зардап шегушіні әр түрлі тәсілдермен тасымалдау, таулы өзендер арқылы өткелдер ұйымдастыру, таулардағы жүріс-тұрыс негіздері бойынша бір айлық теориялық дайындықтан кейін сынақ тапсырды.
Барлық курсанттар «Слияние» шыңына – Сержиха және Таулы Үлбі екі таулы өзендерінің қосылысында орналасқан ауданның ең биік нүктесіне шықты. Ал, кәсіби құтқарушылар барлық белгіленген мақсаттың дұрыс орындалуын және қауіпсіздігін қадағалады.