Биылғы жылы Ш.Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусын бітірген 214 жас сержант әскери қызмет етуге кірісті.
«Әскери басқару кіші маманы» дипломы, сондай-ақ ЖӘЖМ механик-жүргізушісі және «В», «С» санатындағы жүргізуші куәлігі бар жасөспірімдерді Қазақстанның әр өңірлеріне әскери бөлімдер мен бөлімшелерге қызмет етуге бөлді.
Осылайша, қазақстандық армия кіші командалық құрамның тағы да 200 білікті маманымен толықтырылды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚМ Кадет корпусы жаңадан жинақтауды бастап кетті.
Биылғы жылы азаматтық жастар, келісімшарт және мерзімді әскери қызметшілер қатарынан шамамен 240 талапкер қабылдауды жоспарлауда.