Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз – Кемсітуді білмейміз!» байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз – Кемсітуді білмейміз!» байқауы өтеді

25.07.2015
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз – Кемсітуді білмейміз!» байқауы өтеді

Байқау мына номинациялар бойынша өтеді: «Үздік әлеуметтік жоба», «Өз кәсібінің үздігі», «Ақылдылар», «Үздік студент», «Үздік би», «Үздік орындаушы», «Үздік қаламгер», «Ең тату отбасы», «Алтын қалам».

Байқауға 18 жастан 45 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыса алады. Әр номинация бойынша жеңімпаздар жас ерекшелігіне қарай анықталады: 6 -14 жас аралығында, 14-тен 29 жасқа дейінгілер, 29-дан 45 жасқа дейінгілер.

Басты мақсат  -  мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың шығармашылық потенциалын дамытуға көмектесу. Байқау тұңғыш рет 2013 жылы ұйымдастырылған.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Хабарламаларға жазылу