Гренландияның мұхитқа түскен мұздықтары бұрынғы болжамға қарағанда, жоғары тереңдікте жатыр. Бұл мұхит суларының оларды ағызып әкетуіне мүмкіндік береді. Мұндай процесс теңіз деңгейін бұрынғы болжамға қарағанда әлдеқайда жоғарылатуы мүмкін.
Зерттеу жұмыстарын жүргізген NASA реактивті қозғалысының зертханасы мен Калифорния университетінің Эрик Риньо бастаған зерттеушілері осындай қорытындығы келген.
Зерттеушілер үш жыл бойы әлемдегі ең алғашқы жерасты мұздықтарының картасын жасау үшін Гренландияға жақын белсенді сулармен үздіксіз күресіп келеді.
Зерттеу нәтижесі ғылыми журналдарға, сондай-ақ, Geophysical Research Letters басылымына және ғаламторға жарияланған.
Ғалымдар кейбір алып мұздықтардың тұзды сулардың әрекетіне кедергі жасайтындай жерде жатқанын айтады. Ал, басқалары теңіз тұңғиығында ащы сулармен араласып жатыр. Бұл кейін құлап, тез еріп кетеді деген сөз.